Полицейлер жол инфрақұрылымының 4 мыңнан астам ақауын анықтады
![Полицейлер жол инфрақұрылымының 4 мыңнан астам ақауын анықтады](/img/articles/3014fbfe005834d02350c37ada344e5a.jpeg)
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті жұмыс кездесуінде автожолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстау мәселелерін талқылады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Автожолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі өзекті мәселелер Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіндегі жұмыс кездесуінің тақырыбы болды. Оған облыстық әкімдіктің, жол қызметтері мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты. Жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуден және жол белгілерін орнатудан басқа, тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алудың техникалық құралдарын қолдану тақырыбын көтерді. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Исмағұловтың бастамасымен жолдардың қауіпті учаскелерінде автокөлік жүргізушілерінің назарын аударатын күн батареяларында стробоскоптардың және елді мекендердің аумағы арқылы өтетін учаскелерде жүргізушіге оның жылдамдығы туралы хабарлайтын профилактикалық жылдамдық өлшегіштерді орнату мәселесі пысықталды.
Кездесудің тағы бір маңызды сәті қысқы кезеңге алдын ала дайындық болды. Мүдделі ұйымдарға жаз бойы жол техникасы мен өзекті көктайғаққа қарсы материалдардың қажетті мөлшерін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.
Биылғы жылдың 5 айында полиция қызметкерлері жол және коммуналдық органдардың өкілдерімен бірлесіп 12 мың шақырымға жуық автожолдарда 1215 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 4211 ақау анықталды, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 975 нұсқама берілді, – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
![](/img/articles/395884a95ef01761c2c59dbfacda27f1.jpg)
![](/img/articles/31515f4182471c7f6a60814a300ca086.jpg)
![](/img/articles/cf780b900f3c9b2b6c4105e103dc10df.jpeg)
![](/img/articles/e49725d8f6445c31f4a4a9970a7e00fa.jpeg)
![Елордалық тұрғын білім орталығының ноутбуктерін ұрлаған](/img/articles/395884a95ef01761c2c59dbfacda27f1.jpg)
![Egov емханаға тіркелу қызметін жаңартты](/img/articles/31515f4182471c7f6a60814a300ca086.jpg)
![Үкіметте халықаралық «IBO-2024» олимпиадасын ұйымдастыру мәселелері пысықталды](/img/articles/cf780b900f3c9b2b6c4105e103dc10df.jpeg)
![Жұлдыз Әбдікәрімова: Әділетсіздік көрсем де үн қатпаймын](/img/articles/e49725d8f6445c31f4a4a9970a7e00fa.jpeg)
![Астанада «Жасыл ел» жасақтары Республикалық бас мешіт аумағын тазалады](/img/articles/00e4914e739c5a76977ef74352494b4c.jpg)
![Елордалық полицейлер жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдіктіні ұстады](/img/articles/0008e990a777ec1dc1fc8d8fc60feffe.jpeg)
![Президент Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын тағайындады](/img/articles/cc6a3f6c13f1a1058028c57f1445850c.webp)
![Табиғатты ластаған павлодарлықтар жазаланды](/img/articles/af5b300d8e0a8f49c49507372069e828.jpg)
![Елде «Олимпиада күні туылған» акциясы ұйымдастырылды](/img/articles/9b2789bae3e8e501f349ea47dcca209e.jpg)
![Балжан Бидаш: Отбасылы кезімде депрессияда болдым](/img/articles/9ca71b0f6979ae3046b3239ad763103d.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)