Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған мас жолаушыға айыппұл салынды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/04_6_c748bfc596.jpg)
Атырау облысы Кенбай станциясының учаскесінде ер адам пойыздың тоқтату кранын жұлып алды. Салдарынан Атырау-Ақтөбе бағытындағы бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден алынып тасталды, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz жазуынша, пойыз тұрағы 12 минутты құрады. Тексеру барысында көлік полицейлері Ақтөбе облысының 59 жастағы тұрғынын анықтады. Ол спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде вагон тамбурында тоқтату кранын жұлып алған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, оның «орташа дәрежедегі» алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Сағыз станциясына келгеннен кейін құқық бұзушы акт бойынша пойыздан түсірілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500тг) мөлшерінде айыппұл салынды, - деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.
Жыл басынан бері көліктегі ПД қызметкерлері 18 774 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін екі мыңға жуық адам жазаланған. Сондай-ақ тоқтату кранын жұлып алудың 13 фактісі тіркелді.
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)