00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Павлодар-Түркістан» бағытындағы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

11.04.2024 | 18:16
140
пойыз
фото: дереккөзден

№46 «Павлодар-Түркістан» бағытындағы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлады Elorda.info «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас ана Зейнеп Әбдікәрімова жүктіліктің соңғы айында анасымен бірге Павлодардан Түркістанға №46 пойызбен жолға шыққан. Жол барысына жолаушының толғағы басталды. Вагонның екі жолсерігі Анар Амандықова мен Назерке Талғарбаева әйелді аман-есен босандырып, қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз бала 10 сәуірде сағат 16:30-да дүниеге келді.

Пойыз бригадасы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды. Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Сары-Шаған станциясына келгеннен кейін жас ана мен қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады. Жаңа туған нәрестеге Мереке деп ат қойылды.

Айта кетейік, пойыз бригадаларының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тұрақты негізде оқиды. Соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 13 сәби дүниеге келді.

Все новости