00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Париж Олимпиадасына велосипедпен аттанған маңғыстаулық спортшы Түркияға жетті

Париж Олимпиадасына велосипедпен аттанған маңғыстаулық спортшы Түркияға жетті
Фото: t.me/mangystau_news

Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға велосипедпен аттанған маңғыстаулық Рәббім Борашев Түркияға жетті, деп хабарлады Elorda.info Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығының Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап.

Велошабандоз сапарын 4 мамырда бастап, кейін 1 айға уақытша тоқтатқан еді. Ол үзілістен соң жұбайы Айзада Борашевамен бірге веложорығын қайтадан жалғастырды. Қазір ерлі-зайыпты Түркия мемлекетінің Хопа қаласына жеткен.

 «18-23 мамырда III «Ұлы дала» жорығына, маусым айының 6-8 аралығында Сүгір Бегендікұлының 130 жылдық мерейтойына қатыстым. Ал қазір Түркия елінің Хопа қаласындағы қонақ үйдің біріне келіп орналастық», - деді Рәббім Борашев.

 Еске салайық, маңғыстаулық азамат Рәббім Байбозұлы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына велосипедпен жолға шыққанын жазған едік. Ол сапары барысында 9 елге баруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Все новости