00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Пайызсыз Баспана»: Шымкентте 200 млн теңге жымқырған кооператив басшылары сотталды

16.05.2024 | 14:46
127
 «Пайызсыз Баспана»: Шымкентте 200 млн теңге жымқырған тұрғын үй кооперативі басшылары сотталды
фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында «Пайызсыз Баспана» тұрғын үй кооперативін ашып, халықтың қомақты қаржысын жымқырған 3 азаматқа қатысты үкім шықты, деп хабарлады Elorda.info.

2019 жылы Т.есімді азамат Шымкентте «Пайызсыз Баспана» тұрғын үй кооперативін ашқан. Кейін тағы екі адамды кооператив жұмысына тартып, Шымкент, Алматы, Астана және басқа да облыстық маңызы бар қалаларда кооперативке салымшылардан ақша жинаған. Осылайша 135 адамға 171 млн. теңге шамасында аса ірі залал келтірілді. Бұған қоса тағы 16 адамға 15 млн.теңге шығын келтірілді.

«Сотталушылардың қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің жауаптарымен, түзілген келісім шарттармен, төленген түбіртектермен, аудиторлық және сот сараптамалардың қорытындыларымен тағы басқа да іс материалдарымен дәлелденеді», - деп көрсетті Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімімен кооператив ашқан азамат 6 жыл 8 айға, қалған екеуі  5 жыл 6 ай және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Все новости