00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қостанайда зейнеткерді балталап өлтіріп, үйін өртеп жіберген студенттерге үкім шықты

22.11.2023 | 06:00
88
Фото: дереккөзден

Қостанайда адам өлтіріп, қарақшылық, алаяқтық және ақша бопсалау қылмыстарын жасады деп айыпталған екі студентке үкім шықты, деп хабарлады Elorda info.

Қостанай облыстық сотының хабарлауынша, биыл 23 ақпанда кәмелетке толмаған екі студент зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасап, оны балталап өлтірген. Кейін қарттың ақшасы мен ұялы телефондарын, алтын сақиналарын шешіп алып, қылмысын жасыру үшін саяжайын өртеп жіберген.

Бұған қоса екеуі тауып алған ұялы телефондағы банктің интернет-қосымшасынан 49 мың теңгені өздеріне аударып алғаны белгілі болды. Сондай-ақ тағы бір азаматты қорқытып 160 мың теңгесін алып қойған. 

«Прокурор кәмелетке толмаған сотталушыларды қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот сотталушыларды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 11 жыл бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазаны тағайындады», - делінген облыстық соттың хабарламасында. 

Сонымен қатар кәмелетке толмаған сотталушылардың заңды өкілдері жәбірленушілерге 6 миллион теңгеден астам өтемақы төлейді.

Все новости