00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қостанайдағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

12.12.2023 | 14:00
86
Фото: ТЖМ

Қостанай қаласында газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан 12 адам зардап шеккен болатын. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Elorda.info.

Қостанай қаласының Энергетиктер көшесі, 1 мекенжайындағы Амангелді тұрғын алаңының аумағында құтқару жұмыстары аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 желтоқсанда сағат 12.36 газ-ауа қоспасы жарылып, бір қабатты ғимарат опырлып түскен еді. Ғимараттың аумағы 280 ш.м., оның 5 шаршы метрін жалып шарпыған.  

Газ баллондарының жарылыстары адамға да, мүлікке де үлкен қауіп төндіреді және бұл жағдайда жарылыс ауыр зардаптарға әкелді. Өртті сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖ және жергілікті атқарушы органдары бойынша 263 қызметкер және 61 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, еріктілер топтары және барлық мүдделі адамдар қатысты, - деп көрсетті ІІМ. 

Жарылыс салдарынан 12 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің 4-і облыстық ауруханаға, қалалық ауруханаға 6 адам жеткізілді. Медициналық көмекке  1 адам өз бетінше жүгінген, 1 адам медициналық мекемеге жатудан бас тартты. Жалпы, барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек  көрсетіледі.

Оқиға салдарынан 7  жеңіл және 5  жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 тұрғын  үй зақымданған.

Қостанай қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Все новости