Орман және табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы артады
![Орман және табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы артады](/img/articles/2ae23e841dd7c1ec612e1521c825b8d1.jpg)
Биылғы 1 шілдеден бастап еліміздің орман және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастайды. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлады Elorda.info.
Атап айтқанда, орман және табиғат қорғау ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, шарттары мен мөлшерін жақсарту мақсатында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді.
Құжатқа сәйкес орман өртін сөндіру стансаларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100%-ға дейін үстемеақы алады. Олардың ішінде орман өртін сөндірушілер, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндейтін слесарлар, өрт-бақылау мұнарасының бақылаушылары бар.
Сондай-ақ 113 авиациялық күзет өрт сөндіруші-десантшысының жалақысы көтеріледі.
Қаулыны іске асыруға 2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 8 480,1 млн теңге көлемінде қаржылық шығындар көзделген.
Барлығы 3 300-ге жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылатын болады.
Жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының 1 619 қызметкеріне қосымша ақы төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоспарланады.
Бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты О.Булавкинаның сұрауына жауап бере отырып, Үкімет басшысы орман және табиғатты қорғау мекемелерінің барлық қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі өзінің тұрақты бақылауында екенін және тиісті қаулының жобасы дайындалғанын айтты. Депутат «Семей орманы» РММ Бородулиха филиалының қызметкерлері үшін қосымша ақылар тақырыбын көтерді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында орман құрылымдары қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмысы үшін лауазымдық жалақыларына 100% үстемеақы белгіленді.
![](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген](/img/articles/b3ef1a77a68256dad5fd42f6dff272b7.jpg)
![Енді eGov mobile қосымшасында еңбек шартына қол қоюға болады](/img/articles/31515f4182471c7f6a60814a300ca086.jpg)
![FIRST® GLOBAL робототехника бойынша халықаралық жарыстар өткізеді](/img/articles/b787655c05db0ee7c4060c444ed4d9d0.jpeg)
![Словенияда «Астана Опера» әртістерінің өнерін 3 мың көрермен тамашалады](/img/articles/65d5617fdc5d784757a606988d28177f.jpg)
![Облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған Нұрлан Қоянбаев қанша жалақы алады](/img/articles/67c637129771d46eafba2b8280fcb673.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)