00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Ораза айтқа орай демалыс беріледі

20.04.2023 | 22:30
124
Фото: muftyat.kz

Өзбекстанда Ораза айт мерекесін лайықты қарсы алу және жоғары деңгейде өткізу мақсатында қосымша демалыс күні беріледі, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz.

Ел халқының Ораза айт мерекесін лайықты қарсы алуы және жоғары деңгейде өткізуі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыс аптасының түріне қарамастан барлық қызметкерлер үшін 2023 жыл 24 сәуір (дүйсенбі) қосымша демалыс күні болып белгіленді, -  деп жазылған  президент қаулысында.

Өзбекстанда Ораза айтының алғашқы күні Қазақстандағыдай 21 сәуір, жұмаға сәйкес келеді.

Uza ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының Ғұламалар кеңесі Ислам тағылымдары мен осы астрономиялық мәліметтерге сүйене отырып, Ораза айт Өзбекстанда  21 сәуір, жұма күні болады деп шешкен.

Еске салайық, Қазақстанда Ораза айт намазы мешіттерде 21 сәуірде оқылады. 

Все новости