Оразаға қатысты сұрақтар үшін Call-center жұмыс істейді
![](/img/watch-gray.png)
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Рамазан айына дайындық туралы Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы, Астана қаласының бас имамы Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ибраев Темірлан Дарханұлының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info
Барша мұсылман қауымы үшін Қасиетті болып саналатын Рамазан айы биыл 11 наурыз бен 9 сәуір аралығында өтеді.
«Ораза айт» мерекесі 10 сәуір күніне жоспарланған. Осы жылы ораза 30 күнге созылады. 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түн – «Қадір түні» деп белгіленген. Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы бойынша 15 мешіт жұмыс істейді.
Қазіргі таңда Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен және тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.
Астана қаласы әкімдігі тарапынан 2024 жылдың 11 наурыз бен 9 сәуір аралығында тұрғындарды түнгі уақытта қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету мақсатында елорданың ірі мешіттерінен автобустар сағат 22:00-ге дейін қатынайтын болады. Олар: «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті, «Садуақас қажы Ғылмани» мешіті, «Ырыскелді қажы» мешіті, «Рахымқызы Райса ана» мешіті,- деді спикерлер.
Олар Рамазан айына қатысты сұрақтарға тәулік бойы «109» Call-center арқылы ақпарат алуға болатынын ескертті.
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген](/img/articles/b3ef1a77a68256dad5fd42f6dff272b7.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)