Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орнының түлектері диплом алды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/25_1_200094e2e1.jpg)
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттарына салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Қорғаныс министрлігі сайтының мәліметінше, іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, қаланың атқарушы билік өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері және түлектердің ата-аналары қатысты.
Жоғары оқу орнын бітірген 122 түлекке «лейтенант» алғашқы офицерлік атағы берілді. Олардың сегізі үздік диплом иегері.
Бейініне қарай әскери оқу орнында радионавигация, радиотехника, инжиниринг, автоматтандыру, инфокоммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік жүйелері саласындағы мамандар даярланады. Офицерлер Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдеріне бөлінді.
Сендер Отан қорғаушы деген нағыз ерлерге тән мамандықты таңдадыңдар. Әскери институттың қабырғасында алған білімдеріңді қызметте табысты қолданатындарыңа сенімдімін. Әрдайым офицер деген жоғары атаққа лайық болыңдар, - деді жас мамандарға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.
Жас офицерлер салтанатты шерумен жүріп өтіп, институттың жауынгерлік туымен қоштасу рәсімін жасады. Екінші курс курсанттары қонақтарға қару-жарақпен саптық элементтерді көрсетті.
Қоштасу вальсінен соң жас офицерлер болашаққа деген жақсы үміттің белгісі ретінде әуеге ақ көгершіндерді ұшырды.
![](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)