Олжас Бектенов халықты жұмыспен қамту жұмыстарын жандандыруды тапсырды
![Олжас Бектенов халықты жұмыспен қамту жұмыстарын жандандыруды тапсырды](/img/articles/337bfd49c41c4c954ec6d00afea7d511.jpg)
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында елімізде тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды. Мемлекет басшысының биыл 1 млн-ға жуық қазақстандықты жұмысқа орналастыру жөніндегі міндетінің орындалуы туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова баяндады, деп хабарлады Elorda.info.
Бекітілген Өңірлік жұмыспен қамту карталарына сәйкес 2024 жылы 948 мың қазақстандықты жұмысқа орналастыру көзделген. Бүгінгі таңда 353 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды, бұл жалпы көрсеткіштің 37%-ын құрайды. Оның ішінде 148 мыңы – жастар. Осылайша, жыл басынан бері мемлекет субсидиялайтын орындарға 137 мың жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды. 97 мыңнан астам азамат Мемлекет басшысының «Әрбір 10 мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы аясында 103 мыңнан астам адам жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындарына, ал 16 мыңға жуығы ұлттық жобалар аясында іске асырылып жатқан бағдарламаларға жіберілуде.
Өңірлер бөлінісінде Абай (53%), СҚО (47%), Қызылорда (45%) және Жамбыл (45%) облыстарында оң динамика байқалады. Көзделген жоспарларды орындаудың ең төмен көрсеткіштері Ақтөбе облысында (30%) және Алматы қаласында (30%) тіркелген. Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірлер әкімдіктерінің осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Отырыс барысында қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды.
«Оларға жалақы төлемеу, медициналық қызмет көрсетпеу, келісімшарттар өрескел бұзылған фактілер бізге белгілі. Сондықтан қазір тиісті үкіметаралық келісімдерді бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазірдің өзінде шет елдерде біздің азаматтарды жұмысқа орналастыратын жеке агенттіктердің қызметін бір жүйеге келтіру қажет. Қазақстандықтар келісімшарт бойынша сенімді кепілдік алуға тиіс», — деді Премьер-Министр.
Аталған жұмыс шеңберінде Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында Кәсіптік және тілдік даярлау орталықтарын ашу жоспарланған. Өңірлердің тәжірибесі алдағы уақытта сапалы жұмыспен қамтуға және халықтың табысын арттыруға ықпал ететін болады. Жалпы, халықты жұмыспен қамту жөніндегі шараларды іске асыру 2029 жылға қарай 3,8 млн сапалы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
![](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген](/img/articles/b3ef1a77a68256dad5fd42f6dff272b7.jpg)
![Енді eGov mobile қосымшасында еңбек шартына қол қоюға болады](/img/articles/31515f4182471c7f6a60814a300ca086.jpg)
![FIRST® GLOBAL робототехника бойынша халықаралық жарыстар өткізеді](/img/articles/b787655c05db0ee7c4060c444ed4d9d0.jpeg)
![Словенияда «Астана Опера» әртістерінің өнерін 3 мың көрермен тамашалады](/img/articles/65d5617fdc5d784757a606988d28177f.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)