Қолайсыз ауа райы: Бүлдіршіндер үйде уақытты қалай тиімді өткізсе болады?
14.02.2024 | 06:07
130
Фото: ашық дереккөз
Қарлы боран, қатты аяз секілді ауа райының қолайсыз күндері бүлдіршіндердің көбі мектеп пен балабақшаға бармай, аулаға шығып ойнай да алмай үйде отыруға мәжбүр болады. Бұл әсіресе қыс айларында Астанада жиі кездесіп тұратын жағдай. Осындай уақытта балалар өздері үшін қызықты және даму қабілетін арттыратын бірнеше әрекеттермен айналыса алады, деп хабарлады Elorda.info
Төменде жас оқырмандар үшін пайдалы түрлі әрекеттердің бірнешеуінің тізімін ұсынамыз:
- Шығармашылық жобалар: Сурет салу, импровизацияланған материалдардан қолөнер туындыларын жасауға болады.
- Үйде жасауға болатын ғылыми тәжірибелер: Қарапайым және қауіпсіз түрлі тәжірибелер ұйымдастыруға да болады. Мысалы, ата-анасының қарауында, су немесе майдан лава шамын жасау немесе тұз бен қант кристалдарын зерттеу сынды көптеген эксперименттік жұмыстармен айналысуына болады.
- Электронды оқулықтар: Бүлдіршіндер түрлі платформалар арқылы қазақша ертегілердің аудионұсқасын тыңдай алады. Ол үшін онлайн платформаларға кіріп, «қазақ ертегілерінің қазақша аудионұсқасы» деп іздесе жеткілікті.
- Ойындар мен басқатырғыштар: Үстел ойындары, түрлі басқатырғыштар, отбасымен көңіл көтерудің тамаша тәсілі. Сонымен қатар бұндай ойындар баланың логикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бұл ретте, «Логикалық текшелер», «Сәйкестік ойындары» секілді танымал ойындарды ойнауға болады.
- Виртуалды экскурсиялар: Цифрлы интернеттің қарыштап дамыған заманында әлемдегі мұражайларға, хайуанаттар бағына және тарихи орындарға виртуалды саяхат жасау мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін бар болғаны «Google Arts & Culture» (artsandculture.google.com) сайтына кірсеңіз болғаны. Аталмыш сайт арқылы дүние жүзіндегі мыңдаған мұражайлардың коллекцияларын, сондай-ақ тарихи орындарын, өнер галереялары мен әлем ғажайыптарымен танысуға виртуалды қол жеткізе аласыз. Бұл да бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, уақытын тиімді өткізуге таптырмас құрал.
Аталмыш кеңестер балаларға көңілді және пайдалы уақыт өткізуге көмектесіп қана қоймай, олардың дамуы мен отбасылық байланыстарын нығайтуға да көмектеседі.
Похожие новости
03.07.2024 | 17:26
Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті
03.07.2024 | 16:48
Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді
03.07.2024 | 16:22
Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты
03.07.2024 | 14:39
Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді
03.07.2024 | 17:26
Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті
03.07.2024 | 16:48
Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді
03.07.2024 | 16:22
Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты
03.07.2024 | 14:39
Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді
03.07.2024 | 13:49
Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады
03.07.2024 | 13:05
61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды
03.07.2024 | 12:27
Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды
03.07.2024 | 10:53
Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты
03.07.2024 | 10:34
Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті
03.07.2024 | 09:42
Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген
29.03.2024 | 16:52
Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды
20.05.2024 | 14:36
Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген
09.06.2023 | 13:00
Қазақстандағы ең танымал есімдер
06.05.2024 | 09:57
Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді
30.03.2024 | 08:40
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
30.04.2024 | 17:38
Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады
29.04.2024 | 12:44
Енді жол сапасын халық бақылайды
05.01.2024 | 04:30
Ұлу жылы туралы не білеміз?
14.06.2024 | 10:03
Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам
25.02.2023 | 00:45
Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел