00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мобилограф Қыран Талапбек екінші әйелімен танысқанда 132 млн қарызы болған

22.05.2024 | 16:15
190
Мобилограф Қыран Талапбек екінші әйелімен танысқанда 132 млн қарызы болған
Фото: ашық дереккөз

Танымал мобилограф Қыран Талапбектің екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш «Kyran Films» YouTube арнасына сұхбат беріп, алғаш рет отбасылық құпиясымен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

Гүлзада Тұрлаштың айтуынша, Қыран Талапбек оған қиындықтарға шыдауды сұраған.

Қыранмен мен танысқанда оның 132 млн қарызы болған. Білмеймін, айтуға бола ма, болмай ма, бірақ мен осы жерде айта салайын. Шынымен де солай болған. Мен: «Сен қалай ойлайсың, не істейміз? Ақшаң жоқ, қалай жабарыңды білмейсің, қалай алып тұрсың» десем, Қыранның маған былай деп айтқаны бар: «Менде қазір саған бүкіл қалағаныңды алып беретіндей ақшам әлі жоқ. Менде қарыз, бірақ егер осыған шыдап берсең, болашақта сен күшті өмір сүресің, қалаған затыңды аласың, қалаған жеріңе барасың», - деді. Сол күнге жеттік. Қыран тәуекелдің адамы. Жарты жыл бұрын қарызды жауып тастады. Қазір Қыранның тәуекел еткенінің арқасында біз күшті үйде тұрамыз. Соның бәрі тәуекелдің арқасы. Сондықтан тәуекелшіл болудан қорықпаңыздар, - деді ол.

Айта кетейік, Қыран Талапбек Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен ажырасып кеткен еді.

Все новости