00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Министрлік: Су қоймаларына 15 млрд текше метр артық су жиналды

03.06.2024 | 17:41
Торғын Аман
107
Министрлік: Су қоймаларына 15 млрд текше метр артық су жиналды
Фото: egemen.kz

Еліміздің су қоймаларына 75 миллиард текше метр су жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 миллиард текше метрге артық. Сонымен қатар, жиналған судың 12 миллиардтан астамы – тасқын суы. Бұл туралы Elorda.info Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Былтыр еліміздің ауыл шаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды. Ал, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы еліміздің қажеттілігі үшін жаратылған судың көлемі - 24,4 млрд текше метр.

Айта кетейік, Қазақстанның су қоймалары 89 млрд текше метр су жинай алады.

«Елімізде тасқын суын жинау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Все новости