Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
![Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады](/img/articles/98e87043340da4cf04d6e75a4632677e.jpeg)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді Медицина қызметкері күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Құрметті дәрігерлер!
Қадірлі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздер күн сайын адам өмірі үшін күресіп, ұлт саулығын жақсартуға өлшеусіз зор үлес қосып келесіздер. Бұл – өте жауапты әрі абыройлы миссия.
Денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді барынша қолдау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі. Біз өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңізді қашанда жоғары бағалаймыз. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге және олардың құқықтарын қорғауға әрдайым баса назар аударамыз. Жақында қабылданған арнайы заң – осының айқын дәлелі. Сондай-ақ елімізде тұңғыш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы белгіленді. Бұл марапат халыққа қалтқысыз қызмет еткен нағыз майталман мамандарға беріледі.
Сіздер «Адал азамат» тұжырымдамасының идеалдары мен құндылықтарын берік ұстанып, кәсіби біліктілік пен антқа адалдықтың үлгісін көрсетіп жүрсіздер.
Қоғамның игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін!
Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!- деп құттықтады Президент.
![](/img/articles/395884a95ef01761c2c59dbfacda27f1.jpg)
![](/img/articles/31515f4182471c7f6a60814a300ca086.jpg)
![](/img/articles/cf780b900f3c9b2b6c4105e103dc10df.jpeg)
![](/img/articles/e49725d8f6445c31f4a4a9970a7e00fa.jpeg)
![Елордалық тұрғын білім орталығының ноутбуктерін ұрлаған](/img/articles/395884a95ef01761c2c59dbfacda27f1.jpg)
![Egov емханаға тіркелу қызметін жаңартты](/img/articles/31515f4182471c7f6a60814a300ca086.jpg)
![Үкіметте халықаралық «IBO-2024» олимпиадасын ұйымдастыру мәселелері пысықталды](/img/articles/cf780b900f3c9b2b6c4105e103dc10df.jpeg)
![Жұлдыз Әбдікәрімова: Әділетсіздік көрсем де үн қатпаймын](/img/articles/e49725d8f6445c31f4a4a9970a7e00fa.jpeg)
![Астанада «Жасыл ел» жасақтары Республикалық бас мешіт аумағын тазалады](/img/articles/00e4914e739c5a76977ef74352494b4c.jpg)
![Елордалық полицейлер жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдіктіні ұстады](/img/articles/0008e990a777ec1dc1fc8d8fc60feffe.jpeg)
![Президент Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын тағайындады](/img/articles/cc6a3f6c13f1a1058028c57f1445850c.webp)
![Табиғатты ластаған павлодарлықтар жазаланды](/img/articles/af5b300d8e0a8f49c49507372069e828.jpg)
![Елде «Олимпиада күні туылған» акциясы ұйымдастырылды](/img/articles/9b2789bae3e8e501f349ea47dcca209e.jpg)
![Балжан Бидаш: Отбасылы кезімде депрессияда болдым](/img/articles/9ca71b0f6979ae3046b3239ad763103d.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)