00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мектептердің 90 пайызға жуығында инклюзивті білім алуға жағдай жасалған

25.06.2024 | 11:59
Олжас Сүлейменов
81
Мектептердің 90 пайызға жуығында инклюзивті білім алуға жағдай жасалған
Фото: дереккөз

Елімізде арнайы білім беру ұйымдарының желісі жыл сайын көбейіп келеді. Мектептердің 86%-дан астамы инклюзивті білім алуға жағдай жасады, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Балаларды оқу-тәрбие процесінде сүйемелдеу үшін педагог-ассистент штаты енгізілді. Қазір олардың саны 2,5 мыңнан асты.

«Оқу-ағарту министрлігі «Дара» қорымен бірлесіп 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Ерте қолдау» жобасын іске асыруда. Бүгінде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар. 500-ге жуық білім беру ұйымы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзету-білім беру қызметтерін көрсетіп келеді. Сондай-ақ 1 051 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері жұмыс істейді», - дейді Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бұтабаева.

Айта кету керек, 2019 жылдан бастап арнайы білім беру ұйымдарының желісі 83-ке, ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту 20%-дан астамға ұлғайды. Бүгінгі таңда балалардың 76%-ы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған.

Все новости