Көшпенділер ойындары: Ғалымдар спорттық жылқылардың жағдайын зерттеуге кірісті
![Көшпенділер ойындары: Ғалымдар спорттық жылқылардың жағдайын зерттеуге кірісті](/img/articles/21899ffc7a11ff6c24f32a79c58a6be2.jpeg)
Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында спортшылар мен спорттық жылқыларды сапалы даярлау үшін 2 кешенді ғылыми топ құрылды. Олардың бірі атбегілікпен, екіншісі ұлттық спорт түрлерінің спортшыларын даярлаумен айналысады, деп хабарлады Elorda.info.
Топтардың құрамына жетекші ғалымдар, ветеринарлар, биологтар, генетиктер, сондай-ақ, спорттық психология және медицина мамандары кірді. Ғалымдар оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өткізілетін жерлерде спортшылар мен спорттық жылқылардың функционалдық және психологиялық жай-күйіне мониторинг жүргізеді.
«Ұлттық спорт қауымдастығының бастамасымен және Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен алғаш рет кешенді ғылыми топтар құрылды. Бірінші топ тікелей спортшылармен айналысады – олардың функционалдық жағдайы, жалпы дене шынықтыру дайындығы тексеріледі, психодиагностика жүргізіледі, содан кейін барып жалпы жай-күйінің қорытындысы жасалады. Егер денсаулығында қандай да бір өзгерістер болса, психодиагностика және спорттық медицина бойынша ем-шара жасаймыз. Басты мақсат – спортшыларымыз күзде Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жоғары деңгейде дайындалуы үшін олардың денсаулығын тексеру», - деп атап өтті ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының кешенді ғылыми тобының үйлестірушісі Бақытжан Есжанов.
«Спорттық жылқылардың жағдайына келсек, белгілі қазақстандық ғалымдардың тұтас тобы жылқылардың жем-шөбін жақсартуға, жануарлардың функционалдық жағдайын тексеруге мүмкіндік беретін зерттеулер жүргізуде. Бұл топ жақсы нәтиже көрсету үшін жарысқа қатысатын жылқылардың дайындығы мен төзімділігін тексереді», - деді кешенді ғылыми топтың жетекшісі, а.ш.ғ докторы Набидулла Кикебаев.
Кешенді ғылыми топтар қазір көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату спортшыларының құрама командаларымен жұмыс істеп жатыр.
«Біз спортшылардың ағзасын тексеріп, жоғары нәтижеге жету үшін қандай дәрумендер қабылдау керек, қалай тамақтанғаны дұрыс екенін анықтаймыз. Спортшылардың жүрек және ішкі органдарының биоритімін тексеріп, тамақтарын да соған сай ұйымдастырамыз», - деді кешенді ғылыми топтың жетекшісі, п.ғ.д., профессор Анатолий Құлназаров.
Ғылыми топтар Олимпиадалық даярлау орталығының базасында үш ай бойы спортшылар мен жылқыларға тексеру жүргізеді.
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген](/img/articles/b3ef1a77a68256dad5fd42f6dff272b7.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)