00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қостанай облысында өтемақы төлеу жұмыстары жалғасып жатыр

12.04.2024 | 12:01
94
Қостанай облысында өтемақы төлеу жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: ТЖМ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қостанай облысының екі қаласы мен 4 ауданында төтенше жағдай жарияланды. Олардың барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша комиссиялар құрылып, жұмыс істейді. Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайды.

Бүгінгі күнге комиссия 353 үйді тексерді, оның ішінде 159 үй қалпына келтіруге жататыны анықталды. Олар бойынша бағалау жүргізілгеннен кейін залал сомасы төленетін болады. Қалпына келтірілмейтін үйлер саны – 194. Олардың иелеріне үйлер беріледі. 

Келесі маңызды бағыт, әсіресе облыстың оңтүстік өңірлері үшін, мал өлімі бойынша өтемақы. Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, су тасқыны салдарынан мал өлімі осы күні 951 басты құрады. Бүгінгі күні бағалау бойынша есептер 214 бас бойынша дайын, олар бойынша төлем басталды, – деді ол. 

Электр желілерінің 1 414 тірегі зақымдалған. Барлық ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, бірақ шамамен 26 шағын елді мекен әлі күнге дейін электр қуатынсыз қалады. Қазіргі уақытта смета әзірленді, қажетті материал, тіректер дайындалуда.

Зардап шеккен халыққа әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен бастап жүргізілуде. Бүгінгі таңда біржолғы төлемге 1 345 өтініш түсті. 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасуда.

Все новости