00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қорғас кеден бекетінен 112 ақбөкен мүйізін алып өтпек болған азамат ұсталды

13.06.2024 | 20:08
Торғын Аман
93
Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысының «ШХЫО-Қорғас» кеден бекеті қызметкерлері кедендік және шекаралық бақылау жүргізу кезінде 112 дана ақбөкен мүйізін шекарадан алып өтпек болған азаматты ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан азаматы мүйіздерді ҚХР ХШЫО аумағына барған «FAW» маркалы автокөліктің капотына жасырған.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іс жүргізу әрекеттері жүргізілуде, автокөлік құралы УСҚ-ға «ILS» орналастырылды. Бұл іс-әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 339-1-бабы бойынша көзделген», - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейiк, «Қорғас ХШЫО» 2023 жылдың 24 сәуiрiнен бастап жұмыс iстейдi. Ашылған күннен бастап кеден органдары жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде кеден заңнамасын бұзудың 800 фактісі анықталып, 136 әкімшілік іс қаралып, 40,5 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Все новости