00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қоймаларда жиналған су 100 пайызға жуықтады

Қоймаларда жиналған су 100 пайызға жуықтады
Фото: дереккөз

Су қоймаларына жиналған су ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі, деп хабарлады Elorda.info Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 97,4%-ға толып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 99,6%-ға толған.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,5%.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 92,6%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 91%-ға толған.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99%-ға толды.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,6%.
 

Все новости