00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

ҰҚК жыл басынан бері 5 млрд теңгенің есірткі затын тәркіледі

12.04.2024 | 11:23
116
есірткі
фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз айналымнан 800 келіден астам есірткі мен психотроптық заттар, 4 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасауға пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер тәркіледі, деп хабарлады Elorda.info.

2024 жылғы бірінші тоқсанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 операция, оның ішінде 16-сын шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізді.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізу арнасы, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды.

ҰҚК тәркілеген есірткі құны «қара нарықта» 5 млрд теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 млн бір реттік дозаны құрайды. Қазір халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72 Қазақстан және шетелдік  азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, - деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Все новости