Үкіметте мемқызметтерге жасанды интеллект енгізу мәселесі талқыланды
![Үкіметте мемқызметтерге жасанды интеллект енгізу мәселесі талқыланды](/img/articles/93b3ae5fcd1dbfa93a3e612974170a25.jpeg)
Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтар мен бизнеске арналған мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллект элементтерін енгізу талқыланды. Бұл туралы Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
ЖИ элементтерін енгізу бойынша жұмыс мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту және азаматтар мен бизнестің өмірін жеңілдетуге бағытталған цифрлық қызметтерді енгізу бойынша Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.
Бірқатар мемлекеттік органдар жаңа ЖИ-қызметін енгізу нәтижелерін ұсынды — білім берудегі көмекші, дүлей апаттарды мониторингілеуге арналған қызмет, Қазақстан шекарасындағы электронды кезектер, «Бәйтерек» холдингіндегі бизнес-процестерді автоматтандыру.
Кеңес барысында Ғ. Қойшыбаев «Бәйтерек» холдингіне қызмет көрсетудің «бірыңғай терезесі» қағидаты бойынша барлық қаржылық қызметтерді egov мобильдік қосымшасына шығаруды, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалана отырып, ақша қаражатын алуға бизнестен өтінімдерді қарау мерзімдерін едәуір қысқартуды және бизнеспен жұмыс істеудің проактивті форматына көшуді тапсырды.
«Үкімет өмірдің барлық салаларында жасанды интеллектіні енгізу бойынша белсенді жұмысты жалғастырады. Бұл ретте деректердің қауіпсіздігіне және заңнамалық нормалардың сақталуына ерекше назар аударылатын болады. Аталған шаралар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және бизнесті дамытуға ықпал ететін мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді және ашық жүйесін құруға бағытталған», — деп атап өтті Ғалымжан Қойшыбаев.
![](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген](/img/articles/b3ef1a77a68256dad5fd42f6dff272b7.jpg)
![Енді eGov mobile қосымшасында еңбек шартына қол қоюға болады](/img/articles/31515f4182471c7f6a60814a300ca086.jpg)
![FIRST® GLOBAL робототехника бойынша халықаралық жарыстар өткізеді](/img/articles/b787655c05db0ee7c4060c444ed4d9d0.jpeg)
![Словенияда «Астана Опера» әртістерінің өнерін 3 мың көрермен тамашалады](/img/articles/65d5617fdc5d784757a606988d28177f.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)