Үкіметте білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
![Үкіметте білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды](/img/articles/d367bbcb70741c2b3c02538eba96b79d.jpeg)
Білім беру нысандарының қауіпсіздігі мәселелері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінде білім беру нысандары маңындағы жол қауіпсіздігі инфрақұрылымын жақсартуға байланысты өңірлерде тиісті Жол карталары бекітілген. Оның аясында мектептер, балабақшалар, қосымша білім беру ұйымдары маңында бағдаршамдар, жол белгілерін орнату, жаяу жүргіншілер тротуарларын жасау секілді бірқатар шаралар қамтылған.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың келтірген мәліметінше, 13 мыңнан аса жалпы білім беру мекемелерінің (65%) маңында барлық тиісті талаптар сақталған. Көрсеткішті жақсарту үшін биыл және келесі жылы 28 мыңнан астам шараларды қолға алу жоспарланып отыр. Биыл әзірге 570 нысанның айналасында тиісті жұмыстар аяқталды.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жол қауіпсіздігі инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған шаралармен қамтылған нысандар саны 10-ға да жетпейді, – деді Игорь Лепеха.
Қабылданып жатқан шаралар туралы облыс әкімдерінің орынбасарлары да баяндады.
Бекітілген жол картасында көрсетілген мерзімдердің сақталуына баса мән берген жөн. Жаз мезгілі тез өте шығады. Сондықтан тиісті жұмыстарды атқаруға жайлы мерзімді барынша тиімді қолдану керек, – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Кеңесте сондай-ақ білім беру нысандарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қатысты да сөз қозғалды. Оқу-ағарту министрлігі биыл тиісті ережеге өзгерістер енгізген болатын. Оған сәйкес, контингенті 100 адамнан асатын барлық білім беру мекемелерінде бейнебақылау камералары жедел басқару орталықтары немесе аудандық полиция бөлімдеріне қосылып, дабыл батырмалары орнатылуы керек. Бұған дейін талап тек қалалар мен аудан орталықтарына тиесілі болатын.
Ал 700-ден аса адам қабылдайтын мекемелерде турникеттер орнатылып, күзет қызметтерімен келісімі болуы шарт.
Осыған сәйкес, әр өңір қауіпсіздік жүйелерімен қамту туралы жұмыс жоспары бекітуде. Жоспар әзірге Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Абай, Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ғана қабылданған.
Жиын барысында жақында Павлодар облысындағы мектепте болған жағдай да сөз болды. Оқу-ағарту министрлігінің инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департаменті директорының міндетін атқарушы Марлен Қасеновтың сөзінше, заң жүзінде білім беру мекемелеріне кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімі бекітілген, өңірлер аталған тізімге сәйкес талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқу-ағарту, ішкі істер министрліктері әкімдіктермен бірге бейнебақылау камераларын, дабыл батырмаларын, турникеттерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет. Балаларға қауіпсіз орта қалыптастыруда барлық мүмкіндікті пайдалану керекпіз, – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Вице-Премьер сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдарға білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдау жағын қарастыруды тапсырды.
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)