00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Кез келген адам блогер болмауы үшін оқыту қажет – Серікзат Дүйсенғазы

03.05.2023 | 19:14
73
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаттары блогерлерге қатысты жауапкершілікті күшейтуді ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған қатысты бүгін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті Серікзат Дүйсенғазы өз пікірін айтты.

Бүгінгі таңда блогерлерге қатысты көп сын айтылады. Елімізде оларды оқытатын арнайы мамандық жоқ. Сондықтан қазіргі кезде әлеуметтік желідегі әр адам танымалдылықтың арқасында көпке ақпарат таратады. Сөйтіп, өз блогын жүргізе береді. Мәселен, ЖОО-да журналистерді, филологтарды оқытады. Ал неге блогерлерді оқытпасқа? Егер қоғамда өзектілігі болса, онда бұл мамандық иелерін де арнайы оқыту керек. Өйткені бұл – қоғаммен тікелей жұмыс істейтін сала. Сондықтан кез келген адам  блогер болмау үшін арнайы диплом беру қажет. Сол арқылы біз олардың деңгейін көтере аламыз, - деді Серікзат Дүйсенғазы.

Спикердің пікірінше, әр блогерде жауапкершілік болуы қажет.

Депутаттардың сыны өте орынды деп санаймын. Бүгінде сауатты әрі сапалы блог жүргізетін блогерлер де бар.  Алдағы уақытта блогерлерді оқытатын арнайы білім беру бағдарламасы болу қажет, - деді С.Дүйсенғазы.

Все новости