00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек бере алады

14.05.2024 | 12:23
149
 Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге Enbek.kz сайты арқылы көмек бере алады
фото: ашық дереккөзден

Enbek.kz порталында су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қайырымдылық көмек көрсетуге арналған арнайы бөлім іске қосылды, деп хабарлады  Elorda.info.

«Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келетіндер «жоба бойынша бірыңғай платформаға кіріп «Бірге салайық!»- «Көмекке мұқтаж» айдарын таңдайды. Бұл бөлімде хабарландырулардың тізімі берілген, олардың әрқайсысында кімге және қай аймақта көмек қажет екендігі туралы ақпарат бар», - делінген хабарламада.

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар көмек сұрағысы келсе, Enbek.kz порталына кіріп, «Менің жарнамаларым» айдарынан «Жарнама беру» функциясын басуы тиіс.

«Бұл сервис су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жедел түрде көмектесуге мүмкіндік береді. Көмек бергісі келген кез келген адамға аталған функционалды қолдануға болады», - деді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы Дәулет Арғандықов.

Все новости