00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстандықтар жиі несие ала бастады

13.05.2024 | 10:33
128
Қазақстандықтар несиені жиі ала бастады
Фото: ашық дереккөз

2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында банктер 7,9 трлн теңгеге жаңа несие берді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 триллионға немесе 37%-ға көп, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына сілтеме жасап.

Бизнес үшін несиелер бойынша баға шарттары жақсарды (орташа алынған мөлшерлеме жыл басындағы 18,7%-дан 17,9-ға дейін төмендеді), бірақ бөлшек сегментте көрсеткіштер сәл төмендеген (17,9%-дан 20%-ға дейін өсті). Мамандар мұның себебі жыл соңында өткізілетін маркетингтік науқандардың себебінен екенін айтуда.

2024 жылдың бірінші тоқсанында берілген жаңа несиелердің көлемі күрделі қаржылық жағдайларға, негізгі капиталға инвестицияның азаюына (-0,8%) және жалпы экономикалық өсудің баяулауына қарамастан өсімін сақтап қалды, – деп атап өтті қауымдастық.

2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың алғашқы үш айында бөлшек несиелендірудің өсу драйвері өзгерген: бұрын бұл тұтынушылық несие болса, қазір –ипотека (+55%).

Все новости