Қарағандыда дәстүрлі әнші Ержан Базарбековтің ән кеші өтеді
![](/img/watch-gray.png)
![Қарағандыда дәстүрлі әнші Ержан Базарбековтің шығармашылық кеші өтеді](/img/articles/2dbbb323a896442680adeb40cb229bfc.jpg)
Қарағанды қаласында Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық әншілер байқауының Гран-при иегері, шығармашыл жастардың халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, көптеген өзге де ән-додалардың жеңімпазы, дәстүрлі әнші Ержан Базарбековтің мерейлі 50 жасының құрметіне орай «Әніме бір басайын «Алтыбасар» атты шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Ержан қаршадайынан домбыраны қолынан тастамай, әнге құмартып өсті. Жазиралы Жаңарқада дүниеге келгенінің өзі басына қонған бағы еді. Арқадағы әннің туы желбіреген жерде кіндігі кесілген ұлдың әнге құмартпауы, қызықпауы да мүмкін емес-ті. Жастайынан Сайдалы Сары Тоқаның, Ықылас пен Дайрабайдың күмбірлеген күйлері мен Игілік Омаровтың, Қайрат Байбосыновтың әуелеген әндерін ұйып тыңдады. Сәкен ауылындағы той-думанда дүйім жұртты аузына қаратқан Балтабай Қызыров ағасының әншілігіне, өнерпаздығына таңдайын қағып, әнге ғашық бала жүрегі ерекше қуанышқа бөленетін.
Жұдырықтай жүрегіндегі әнге, өнерге деген ғажайып сүйіспеншілігі әнші боламын деген асқақ арманына жетеледі. Әншіліктің оқуын оқымаса да Қазақстанның Халық әртісі, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосыновтан тәлім алды, дәрісін тыңдады. Мейірхан Адамбеков, Жақсыкелді Кемалов, Ерлан Төлеутай, Құрмаш Ыбышев сияқты Арқадағы ақтаңгер әншілердің соңынан ерді.
Ержан әнші қолындағы домбырасын күмбірлете ән шырқағанда тыңдаушысының құлақ құрышы қанады. Тап-таза, табиғи дауыс өмірге деген ынтықтығыңды одан сайын арттыра түседі. Бір сәтте сұлу әнге, ғажап әншінің өнеріне қиқулап үн қосып, алақаныңды аямай соғасың. Келер бір сәтте бұрын білмеген тамаша нәрсені танығандай тына қаласың. Ұйықтап жатқан жүрегіңді (Абай) әсем ән осылай оятады. Ендігі бір сәтте өз-өзіңнен асқақтап, ерекше рухтанып жан-дүниең түгел нұрланып кетеді. Тағы бір сәтте әнмен бірге көңілің көкке өрлеп, судай тұнық өмір сәулесін (Абай) көресің.
Мәңгілік ән сезімін жүрекке жеткізе алатын әншінің ең ғажайып екі қасиеті бар. Бірі – шынайылығы, екіншісі – табиғилығы. Рухы, жан-жүрегі таза әнші ғана асқақ әнді өз биігіне қондырып, шырқай алады. Жерұйық Жаңарқаның жампозы, бүгінгі күннің сал-серісі – Ержанға бұл қасиет Иманақтың тасынан, Сайдалы Сары Тоқаның күйінен, ән патшасы Қайрат Байбосыновтың үнінен дарыған. Бұл – табиғи талант, Алла Тағаланың берген нығметі. Сол талантын ұштап, классикалық ән өнерінің биігіне көтерілгені – Ержан әншінің өмірдегі де, өнердегі де зор бақыты. Ол Мәдениет саласының үздігі, Қали Байжанов атындағы Қарағанды облыстық филармониясының әншісі.
26 сәуір күні сағат 18.30-да Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында өтетін ән мен күй кешіне Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері: әнші-жыршы Елмұра Жаңабергенова, әншілер Гүлмира Сарина, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, республикалық шертпе күйшілер фестивалінің жүлдегері, Мадияр Сүлейменов, әнші Нұрмұхамед Жақанов сынды танымал өнерпаздар және болашақ қазақ өнерінің жұлдызы Ырысты Ержанқызы қатысады.
Төлен ТІЛЕУБАЙ
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)