00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері кәсіпкерлерден ақша бопсалаған

22.11.2023 | 12:00
97
Фото: ҚР ҰҚК

ҰҚК сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жасады деген күдікпен көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерін ұстады, деп хабарлады Elorda info. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура Астана, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларын өткізіп, Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады. 

«Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалады деген күдікке ілінді.Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды», - деді ҰҚК баспасөз қызметі. 

Все новости