00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Көкшетау қаласында бірнеше көшенің атаулары өзгереді

18.08.2023 | 15:00
201
Фото: ашық дереккөз

Көкшетау қаласының бірқатар көшесіне қазақша атаулар беріледі, деп хабарлады Elorda.info 

Бұл туралы Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Ақмола облысы әкімінің қаулысында көрсетілген.

Қоғамдық талқылауға ұсынылған қаулы жобасында, қаладағы  «Парк борцам за революцию» саябағын «Алаш арыстары» саябағына; Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы жағалау атауын Кәкімбек Салықов атындағы жағалауға; 2 горная көшесін Таңсамал көшесі; Алма-Атинская көшесі (Транскрипциясын нақтылау мақсатында ) Алматы көшесіне; Дмитриев көшесін Күйші Дәулеткерей көшесіне; Кирветка көшесін Керуен көшесіне; Космонавтар көшесін Ғарышкерлер көшесіне; Никитин көшесін Ботай көшесіне; Шучинская көшесін Байқоныс көшесіне ауыстырылатындығы айтылған.

Құжат 4 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.         

Все новости