00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Әйел қамшыны көргенде тәубасына келген»: Имамның сөзі көпшілікті ашуландырды

09.04.2024 | 16:01
Елорда ақпарат
91
Фото: видеодан үзінді

Имам Ризабек Батталұлының айтқан сөздері көпшіліктің шамына тиді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл видеоны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында саясаттанушы Бақытжан Бұхарбай жүктеді.

Үшінші қағида бар. Не дейді? Ұрыңдар. Мұхаммед пайғамбарымыз (С.Ғ.С) жарақатталып, дене мүшесін сындырып қоймайтындай деңгейде нұқып алу керек деген. Сондықтан кезінде  қазақтың үйінде неге қамшы ілініп тұрған? Әйел қамшыны көрген кезде тәубасына келетін болған, - дейді имам видеода.

 

Осыған қатысты баспагер Бақытжан Бұқарбай пікір білдірді.

Осындай уағыздар айтылып жатса, бишімбаевтар қайдан шығып жатыр деп қалай таңғаласың? Осылай, міне, қоғамда жастардың бекімеген нәзік санасында зорлық-зомбылық заңдастырылады. Бұл данагөй айтып жатқанын шешесіне, қарындастары мен қыздарына қолданғанын қалай ма сонда? Әйелін айтпағанда? – деп жазды ол.

Все новости