00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Ішкі істер министрлігі есірткіге қарсы айлықты қорытындылады

01.07.2024 | 10:32
Олжас Сүлейменов
117
Ішкі істер министрлігі есірткіге қарсы айлықты қорытындылады
Фото: дереккөз

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті және оның аумақтық бөліністері жергілікті атқарушы органдардың көмегімен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай республикалық есірткіге қарсы айлықты өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Ол 24 мамырда Ішкі істер министрінің төрағалығымен, Президент әкімшілігі, Үкімет аппараты, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен өткен есірткіге қарсы штаб отырысында ашылды.

Барлық өңірде әкімдіктермен есірткіге қарсы профилактикалық іс-шараларды өткізу жоспарлары бекітілді.

Есірткіге қарсы айлық кезінде еліміз бойынша 5 414 іс-шара өткізілді, оның ішінде 310 акция, 103 семинар, 427 дәріс және 359 кездесу, 113 дөңгелек үстел, 432 спорттық жарыс және турнир, 150 профилактикалық сипаттағы конкурстар бар.

Оның 994-і нарколог-дәрігерлердің, 894-і еріктілердің, 215-і жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, 425-і үкіметтік емес сектормен және 610-ы білім беру ұйымдарымен бірлесіп өткізілді.

Атап өту қажет, бұл шаралар 280 мыңнан астам жасөспірім мен жастарды қамтыды.

Нарколог-дәрігерлер және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары өзекті мәселелер бойынша азаматтарға кеңестер ұйымдастырды.

Барлық өңірде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, есірткі сайттарының жарнамасы бар граффити-жазуларды анықтау және өшіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Оған 500-ге жуық ерікті қатысып, 6 мыңнан астам граффити боялды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Все новости