00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

ІІМ мектеп бітіруші түлектерге үндеу жасады

20.05.2024 | 09:24
192
ІІМ мектеп бітіруші түлектерге үндеу жасады
Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлады Elorda.info

Құрметті ата-аналар мен түлектер!

25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады.

Соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, мектептердегі соңғы қоңыраулар аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке қарай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында орын алды.

Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді.

Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Все новости