00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Гаджеттер жаңа уақыт белдеуіне қалай ауыстырылады?

24.02.2024 | 06:30
153
Фото: shutterstock

Қазақстан тұрғындарына кей ұялы сервис операторларының жұмысында ақау болуы мүмкін екені ескертілді.

Ақау ғана емес, биллинг жүйелерін ауыстыру бойынша түнде де жұмыстар атқарылады, салдарынан, кей қызметтердің жұмысында қысқа мерзімді үзіліс туындауы мүмкін. Абоненттер түсіністік танытады деп үміттенеміз. Оператор осы өзгерістер абоненттерге барынша ыңғайлы болуы үшін бар күшін салады, – деді Tele2 баспасөз қызметі.

Activ/Kcell абоненттеріне де техникалық іркіліс болуы мүмкін екені айтылды.

Үкіметтің UTC + 5 уақыт белдеуіне көшу туралы қаулысына сәйкес 29 ақпан 23:00 (UTC +6) мен 1 наурыз 06:00 (UTC +5) аралығында техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты қызмет шектелуі мүмкін. Банк, мемлекеттік қызметтер және басқа да серіктестер жүргізетін уақыт белдеуін өзгерту техникалық жұмыстары қосымша сервистерге әсер етуі мүмкін екенін атап өткіміз келеді", – деп мәлімдеді Activ баспасөз қызметі.

Мобильдік операторлар жаңа сағат белдеуіне ауысуға байланысты техникалық жұмыстар салдарынан шектеу болмау үшін тарифтер төлемін алдын ала тексеруге кеңес береді.

Все новости