00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Есірткі таратқан 8 интернет-ресурс бұғатталды

Есірткі таратқан 8 интернет-ресурс бұғатталды
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 аудандық соты есірткі заттарын таратқан интернет-ресурстардың қызметін тоқтатты, деп хабарлады Elorda.info Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотпен анықталғаны, «Telegram» мессенджері мен «Instagram» әлеуметтік желісіндегі бірқатар парақша арқылы есірткіні SMS арқылы сатып алуға болатын сайттарға сілтемелер таратылған.

Сатып алу нұсқаулары бар интернет-ресурстарда тыйым салынған заттар туралы ақпарат ұсынылған. Сонымен қатар есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын республика аумағында тұтынушыларға тарату мүмкіндігі қарастырылған.

Сот уәкілетті органның талап қоюы бойынша аталған интернет-ресурстарда ақпарат тарату заңсыз деп танып, олардың қызметін тоқтатты. Соттың шешімі заңды күшіне енді, - делінген ведомство хабарламасында.

Все новости