00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Ертіс Орманы» резерватының басшысы қамауға алынды

06.02.2024 | 05:26
99
Фото: дереккөзден

Лауазымды тұлға орманды заңсыз кесуге және сатуға рұқсат беру үшін кәсіпкерлерден  пара алды деген айып тағылған. Биыл 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сонымен қатар, резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  Олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің  шотына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге  мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырған.

«Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді.Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан хабарламада. 

Все новости