00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордадан Алматы мен Шымкентке қосымша пойыздар қатынайды

Жолаушылар
фото: ҚТЖ

Астанадан оңтүстік бағытқа қосымша пойыздар жолға шығады.  No204/203 «Астана-Шымкент» және No202/201 «Астана-Алматы» бағыттары бойынша күнделікті 17 маусымнан 31 тамызға дейін жүреді, деп хабарлады Elorda.info «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша пойыздарға билеттер bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол вокзалдарының кассаларында қолжетімді.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуды сұрайды. Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар билеттерді сату сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірінен немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми инстаграм аккаунтынан @jolaushylar_tasymaly білуге болады.
Қосымша пойыздарды іске қосу жазғы кезеңде жолаушылар санының артуына байланысты сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

 

Все новости