00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада «Оюлар жырлайды» атты этнофестиваль өтті

25.06.2024 | 12:21
Сабина Кәкімжан
109
Елордада «Оюлар жырлайды» атты этнофестиваль өтті
Фото: автордан

Бүгін Астанадағы №91 мектеп-гимназиясында «Оюлар жырлайды» атты этнофестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға қаладағы өзге мектептегі лагерьлерден балалар қатысты.

Жаз басталғалы бері балаларға салт-дәстүрді, насихаттап, олардың бойына елжандылықты қалпыптастырып келеміз. Мұндағы мақсат –  олардың бойына ұлттық құндылықты сіңіру және тереңірек түсіндіру. Бүгінгі фестивальге  1 мен 8-сынып аралығындағы оқушылар қатысып жатыр. Жалпы балалардың қызығушылығы өте жақсы, - деді №91 мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлшат Елеукенова.

Мұнда арнайы киіз үй құрылған. Ал іші ерекше безендіріліп, қажетті заттар қойылған. «Бабалар аманаты» тарихи-мәдени қоғамдық қорының ақ кимешекті әжелері құрақ көрпе тігіп, ұршық иірді.

Ал сыртта балалар тоғызқұмалақ ойнап, ауылдағыдай ләңгі теуіп, асық атты.

 Маған жазғы этнолагерь ұнайды. Себебі мұнда қазақтың салт-дәстүрімен, ұлттық ойындармен танысамыз. Әжелер мен тәрбиешілер бізге қолөнермен айналысуға үйретеді. Сондай-ақ олар оюлардың түрлерімен таныстырып, құрақ көрпе тігуді көрсетті, - дейді №91 мектеп-гимнаизясының 6-сынып оқушысы Аиша Гастелло.

Все новости