00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астанада Мәңгілік ел даңғылында жаңа көшеттер отырғызылды

Астанада  Мәңгілік ел даңғылында жаңа көшеттер отырғызылды
Фото: Жансая Таңырқұл

Бүгін Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы бойында ағаштар отырғызылды, деп хабарлады Elorda.info.

«Таза Қазақстан»  республикалық экологиялық акциясы аясында және Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі атсалысты.

Акцияға 60-тан астам мәдениет қайраткері, зиялы қауым өкілдері және танымал әртістер қатысты.

Мәдениет және өнер қызметкерлері кәсіби мерекесіне орай Мәңгілік ел даңғылы бойына 50 көшет отырғызылды.  Бұған дейін де экоакция аясында қаламыздағы мәдени мекемелер маңында, ескерткіштер аумағында, басқа да аудандарда тазалық акциялары ұйымдастырылған болатын. Осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұруы керек деп есептеймін. Өйткені мұндай акциялар арқылы жас буынға үлгі-өнеге көрсетеміз. Сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтереміз, қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастырамыз, - деді Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшының орынбасары Нұран Хамзин.

Танымал кино және театр әртістері мен әншілер  іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

Бүгін – ерекше мереке. Кәсіби мереке күні ағаш егу, қаланың тазалығын сақтауға атсалысу мәдениеттің үлгісі деп санаймын. Мінеки, бүгін экоакцияға қатысып, еліміздің және  елордамыздың көркіне көрік қосып жатырмыз. Айналамызда ағаштардың жайқалып өсуі - экологиямызға қосқан үлкен үлес болмақ, - деді Астаналық цирк МКҚК директоры Ерік Жолжақсынов.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан»  акциясы әлі де жалғасып табады.

Все новости