00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елорда әуежайы жұмыс істеу уақытын ұзартады

Елорда әуежайы жұмыс істеу уақытын ұзартады
Фото: Бақтыгүл Бурбаева

Астана халықаралық әуежайы аэродромдағы жөндеу жұмыстарының технологиялық процесін оңтайландырды, деп хабарлады Elorda.info.

Жазда маусымдық сұраныстың жоғары болуына байланысты 14 маусымнан бастап әуежайдың жұмыс тәртібі күнделікті техникалық үзіліспен (23:00-ден 00:30-ға дейін) ұзартылады.

Жұмыстарды жүргізу кезінде әуежай ұшу-қону жолағының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді. Кейін ұшу-қону жолағына көшумен әуеайлақ жабынының басқа учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде әуежайдың негізгі жұмысына кедергі келтірмейтін магистральді жолақта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - делінген әуежайдың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Әуе тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру үшін авиакомпаниялар ішкі рейстер кестелерін жедел қайта қарап, танымал бағыттарға қосымша рейстерді қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты жолаушыларға авиакомпаниялардың ресми сайттары арқылы билеттердің бар-жоғын тексеру ұсынылады.

Все новости