00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Еліміздің жаңа Премьер-Министрі жайлы не білеміз?

06.02.2024 | 09:43
67
Фото: дереккөзден

Жаңа Премьер-Министр Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген, отбасылы, үш баласы бар. 

Олжас Бектенов жемқорлық, ашықтық пен әділдік жайлы айтқандарымен көпшіліктің есінде қалды.  

«Қай жерде жезл, сол жерде жемқорлық»

Қай жерде жезл, сол жерде жемқорлық. Ол жасырын емес. Соңғы 3 жылдың өзінде көліктік бақылау инспекциясының 38 лауазымды тұлғасы және түрлі қызметтегі 19 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деді Бектенов.

«Қалағаныңды істе, бірақ былтырғыдан көп қылмысты анықта»

Біз нақты нәтижеден гөрі процеске көбірек құмармыз. (...) Жұмыс әлі де көп/аз принципі бойынша бағаланады. Қалағаныңды істе, бірақ былтырғыдан көп қылмысты анықта. Мұнымен неге қол жеткіземіз? Ал облыста сыбайлас жемқорлық жағдайы жақсарып, шынымен қылмыс азайса ше? Сонда көрсеткіштерді қайдан алу керек? Бұл барлық мүмкін тәсілдермен қажетті нәтижеге қолжеткізуге итермелейді. Өкініштісі, мұның мысалдары көп, - деді ол.

 «Еліміздің Ата Заңында ең қымбат қазына – адам»

Жемқорлықпен күресеміз деп, бастысы, халықтың үнін ұмыттық. Халық не деп жатыр? Халық нені талап етіп жатыр? Мұның бәрін қаперден шығардық. Өткен ғасырларда жазылған «Қасым ханның қасқа жолында», «Есім ханның ескі жолында», Тәуке ханның «Жеті жарғысында», қазіргі замандағы еліміздің Ата Заңында ең қымбат қазына – адам, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы кезінде.

Олжас Бектеновтің еңбек жолы:

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2005-2006 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы. 

2006-2009 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді.

2009-2012 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.

2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.

2015-2016 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2017-2018 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі «Айбын» (2014) және «Даңқ» (2021) ордендерімен наградталған.

Все новости