00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Еліміздің қай өңірлеріне туристер көп баратыны анықталды

20.05.2024 | 15:18
155
Еліміздің қай өңірлеріне туристер көп баратыны анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

2023 жылы елдегі 19 курортты аймақта 3,8 миллионнан астам турист демалған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 311 мың адамға өскен. Нәтижесінде курортты аймақтардағы қонақүйлер былтыр 130 млрд теңгеден астам табыс тапты, деп хабарлады Elorda.info.

Туристер арасында Алматы тау кластері – ең танымал орындардың бірі. Былтыр бұл курортты аймаққа 2,3 миллионнан астам адам барған. Кейінгі орындарға Маңғыстау курортты аймағы (356,2 мыңнан астам адам), Щучье-Бурабай курортты аймағы (305,4 мың адам) және Абай облысының Алакөл көл жағалауы (205,8 мың адам) жайғасқан.

Жыл сайын отандық курорттарда демалатын туристер саны артып келеді. Бұл еліміздегі аталған аймақтардың тартымдылығын және Қазақстанның туристік әлеуетіне қызығушылықтың артқанын аңғартады. Біздің мақсатымыз – әрбір қонақ еліміздің ыстық ықыласы мен қонақжайлылығын сезінуі үшін туристерді қабылдау шарттарын одан әрі жетілдіру, - деп атап өтті ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Все новости