Еліміздің 17 өңірінде психологиялық қолдау орталығы ашылды
![Еліміздің 17 өңірінде психологиялық қолдау орталығы ашылды](/img/articles/e7210aa2ef30657bdebca001896c5a9f.jpeg)
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің әр өңірінде психологиялық қолдау орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мұндай орталықтар 17 өңірде ашылды, деп хабарлады Elorda.info.
Оқу-ағарту министрлігі психологиялық қолдау орталықтарын дамыту арқылы педагог-психологтардың әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Аталған орталықтардың басты мақсаты — жергілікті жерлерде балалардың, ата-аналар мен педагогтардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және сақтауға бағытталған бірыңғай психологиялық қызмет жүйесін құру.
«Орталықтардың қызметін біріздендіру үшін министрлік әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Бұл ұсынымдар өңірлерде орталықтарды балалар үшін жайлы жағдай жасалған бірыңғай үлгіде ашуға септігін тигізеді. Онда орталықтың міндеттері, негізгі қызмет бағыттары, ұсынылатын штат кестесі, әр маманның лауазымдық нұсқаулықтары туралы ақпарат қамтылған. Жеке тарау материалдық-техникалық жабдықтауға арналған», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Орталықтар облыстың педагог-психологтары үшін бір-бірімен тәжірибе алмасатын, әдістемелік кеңес алатын тірекке, сондай-ақ оқушылар мен олардың ата-аналары көмек алу үшін жүгінетін орынға айналады. Жыл соңына дейін қалған облыстарда да орталықтар толықтай ашылады деп жоспарланып отыр.
Айта кету керек, орталықтар ашу бойынша іс-шара Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда көзделген.
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген](/img/articles/b3ef1a77a68256dad5fd42f6dff272b7.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)