Елімізде заманауи газ өңдеу өнеркәсібі құрылады
![](/img/watch-gray.png)
![Елімізде заманауи газ өңдеу өнеркәсібі құрылады](/img/articles/35efc670f012f0a5b7e654587caa79d0.jpg)
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз», QazaqGaz, «Самұрық-Энерго», KEGOC, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ компаниялары басшылығының қатысуымен Энергетикалық кеңес отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Күн тәртібінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасында биылғы ақпан айында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын бақылау мәселесі қаралды.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов бірлескен газ жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады. Қатардың UCC Holding компаниясымен бірге қуаттылығы жылына 1 млрд м3 және 2,5 млрд м3 болатын екі газ өңдеу зауыты, жаңа КС-14 компрессорлық стансасы және «КС-14-Қостанай-Ақтөбе» магистралды газ құбыры, сондай-ақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ екінші желісі салынады.
ГӨЗ құрылысы өңдеу қуатын арттыру арқылы шикі газды тиімді пайдалануға бағытталған. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісін салу оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлерді газбен жабдықтаудың, сондай-ақ экспорт көлемін сақтаудың арқасында Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жаңа компрессорлық станса мен «Ақтөбе-Қостанай» магистралды газ құбырын іске қосу Қостанай облысының халқы мен өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жиынға қатысушылар мәміленің негізгі шарттарын бекітті. QazaqGaz және UCC Holding жалпы маңызды төрт жоба бойынша ортақ келісімге келгені атап өтілді. Алдағы уақытта оларды бірлесіп жүзеге асыру жұмыстары басталады.
Премьер-Министр жобаларды іске асыру кезінде QazaqGaz ұлттық компаниясы тобының ішкі құзыреттерін және отандық өндірушілердің өнімдерін барынша пайдалануды тапсырды. Сонымен қатар Энергетика министрлігіне газ саласының табыстылығын әрі қарай арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Қазақстан Президенті мен Қатар Әмірі арасындағы уағдаластықтар еліміздің экономикасы үшін аса маңызы бар бірқатар мега-жобаларды бірлесіп іске асыруға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанда заманауи қуатты газ өнеркәсібін құру жолында орнықты түрде алға жылжып келеміз. Жобаларды іске асыруда ешқандай іркілістер болмауы керек. Барлық мәселе менің жеке бақылауымда, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген](/img/articles/b3ef1a77a68256dad5fd42f6dff272b7.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)