00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елімізде  темекі 6,5 пайызға қымбаттайды

Елімізде  темекі 6,5 пайызға қымбаттайды
Фото: GETTY IMAGES

Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу бойынша заңнамалық түзетулерді қоғамдық талқылау аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

1 шілдеден бастап ең арзан темекі 820 теңгеден сатылады. Бұл қазіргі бағадан 50 теңгеге жоғары.

Бұйрық «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

Қаржы министрлігі мұндай шараның тұрғындардың денсаулығы үшін қолға алынғанын айтады. Кейінгі жарты жылдың өзінде шылымның бағасы 16 пайыздан 18,8 пайызға дейін өскен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында темекі мен папиростың бағасы 53,4 пайызға артқан. Дегенмен елде темекіге тәуелділердің саны азайған жоқ.

Былтыр папиростың ішкі нарықтағы көлемі 62 пайызға көбейген. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында Қазақстан азаматтары шылымға 5,7 миллиард теңге жұмсаған.

Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеу бойынша, 2023 жылы 29 бен 39 жастағы азаматтардың арасында шылым шегетіндер көбейген. Жалпы, елімізде әрбір бесінші адам темекі тартады.

Все новости