00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде тағы бір петиция 50 мың қол жинады

11.06.2024 | 14:04
Сабина Кәкімжан
102
Елімізде тағы бір  петиция 50 мың қол жинады
Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

«E-Petition.kz» ресми порталында «Шенеуніктерге құмар ойынға тыйым салу» петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады, деп хабарлады Elorda.info Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-4-бабына сәйкес 50 000 қол жиналғаннан кейін, ҚР Туризм және спорт министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес петицияны қарау мерзімі – оны тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Министрлік мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі, - деп жазылған хабарламада.

Все новости