Елімізде ҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым автожол қалпына келтіріледі
![Елімізде ҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым автожол қалпына келтіріледі](/img/articles/24e485213129d2b7682b74acfaab0b00.jpeg)
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Үкіметінің Жоспарын іске асыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар автожолдарды қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландырады, деп хабарлады Elorda.info.
450 млрд теңге мөлшеріндегі ұзақмерзімді несие қаражаты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға тиісті келісім шеңберінде бөлінетін болады. Бұл шараларды 2024-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланып отыр.
Инвестициялық жоба Қазақстанның барлық аумағында іске асырылады. Облыс орталықтарын Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарының елді мекендерімен байланыстыратын жолдарды да, республикалық маңызы бар трассаларды да қалпына келтіру жоспарлануда.
Сонымен қатар су өткізгіш құбырлардың апатты көпірлері қайта жаңартылады. Сондай-ақ жолдардың қалпына келтірілген учаскелерінде көлік құралдарының салмағы мен көлеміне қатысты параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесін іске қосу көзделген.
Жалпы, жобаны іске асыру автомобиль жолдарының техникалық сипаттамасын жақсарту арқылы өңірлердің көліктік-логистикалық әлеуетін ашуға елеулі үлес қосады. Көлік магистральдарының өткізу қабілеті мен жайлылығы артады. Жол бойындағы елді мекендердің одан әрі дамуына да серпін берілмек. Халықтың іскерлік белсенділігі артады. Көлік қызметтерін ақпараттандыру процесі жеделдетіледі. Көлік тасымалдарына қаржылық және уақытша шығындар қысқарады, бұл өз кезегінде елдің аграрлық және өнеркәсіптік секторларының дамуына оң әсер етеді.
![Елордада «Заманауи домбыра» шоу-концерті ұйымдастырылды](/img/articles/e5ea16e8f3ebb293ffd46f0bbdcfd4d9.jpg)
![Қала күніне орай «Астана многоликая» атты ән-би фестивалі өтті](/img/articles/16d87527f13a480dbfa835ec626ae1d8.jpeg)
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)