00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде 700-ден астам этномедиатор жұмыс істейді

27.04.2023 | 10:00
194
Фото: assembly.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясы 774 этномедиаторды оқытып шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл мамандардың қызметі ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу жұмыстарына бағытталған, деп жазады Хабар24. Қазір еліміздің 18 өңірінде тікелей халықпен жұмыс істейтін этномедиаторлар бар. 

Жалпы қазір Ассамблеяның ауқымы кең. Мыңға жуық этномәдени бірлестік қызмет етеді. Оның ішінде 40 достық үйі, 174 жексенбілік мектеп, 30 волонтерлік орталық бар. Онда 50 мың адам еңбек етеді.

Ассамблея әр жылдары әртүрлі маңызға ие болды. Көптеген азаматтық және этникалық қақтығыстардың алдын алып отырды. Ымыраға және келісімге келетін алаңға да айналды. Қазіргі таңда Ассамблея ел азаматтарын бірыңғай ұлт қылу құралы саналады, - деді саясаттанушы Талғат Қалиев.

Все новости