00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елді мекендер мен қалаларда микрокредит беру қағидалары бекітілді

27.12.2023 | 09:00
119
Фото: дереккөзден

Қазақстанда ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда шағын несие беру қағидалары бекітілді, деп хабарлады Elorda.info АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шағын несиелер өтініш берушілерге мерзімі, төлеу, қайтару, қамтамасыз ету және мақсатты пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда беріледі:

1) шағын несие беру мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы жобаларына шағын несие беру мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

2) шағын несиенің ең жоғары мөлшері 2 500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.

Бұрын алынған шағын несие бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерді қайта несиелеу кезінде шағын несиенің ең жоғары сомасының мөлшері 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Бұл ретте, шағын несие бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен беріледі.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді, ол 16 мыңнан астам шағын несие беруге бағытталады. Бұл 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Все новости