00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Дубайдан Астана мен Алматыға ұшып келетін рейстерге қатысты ақпарат жарияланды

17.04.2024 | 10:37
144
ұшақ
фото: дереккөзден

Air Astana компаниясы Дубай әуежайының су басуына байланысты ұшу уақыты өзгерген рейстерге қатысты ақпарат берді, деп хабарлады Elorda.info.

Әуеайлақтың су басуына байланысты кешегі Дубай-Астана және Дубай-Алматы KC206 және KC898 рейстері Дубай уақытымен бүгін, 17 сәуірде тиісінше сағат 10.30 және 13: 10-да ұшуға жоспарланған, - деді Air Astana баспасөз қызметі.

Жолдарды су басып қалуына  байланысты жолаушыларды терминалға орналастырып, оларға тамақ, сусын және жамылғы берілді.

Рейстердің мәртебесі әуе компаниясының ресми сайтында жарияланады.

Все новости